Ақпарат:

16 қыркүйек 2024 866

Ulab медиамектебі Сізді Ulab 3.0 медиамектебінің жаңа кезеңіне қатысуға шақырады

Ulab медиамектебі Сізді Ulab 3.0 медиамектебінің жаңа кезеңіне қатысуға шақырады

Ulab – әлеуметтік желілерде контент құру және оны дамыту дағдыларын үйретуге бағытталған әлеуметтік білім беру жобасы. Медиамектеп жоғары деңгейдегі медиа-жобаларды құру үшін қажетті теориялық және практикалық білім алуға бірегей мүмкіндік береді. Қазақстанның барлық өңірлеріндегі өз медиа құзыреттілігін дамытуға мүдделі жастар осы бағдарламаға қатыса алады.

Құрылған күнінен бастап Ulab медиамектебі 2 500-ден астам түскен өтінімнен қатаң іріктеу процесінен өткен 65 түлекті оқытып шығарды. Мектеп өз бағдарламасымен Қазақстанның 6 өңірінде болып, онда қатысушылар 15 командалық жоба мен ынтымақтастық құрды. Ulab тренерлері – Сырым Итқұлов, Санди Сұлтан, Али-Аскер Байғожин, Артур Нығметов және журналистика, PR, бизнес пен медиа-өндіріс саласындағы басқа да мамандар.

Оқу туралы толығырақ:

Оқу қазан айында басталып, ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады. Курс толығымен қазақ тілінде өтеді.

Медиамектептің оқуы демалыс күндері өтетін екі офлайн және екі онлайн қарқынды курстарды қамтиды. Офлайн сессиялар Қостанай, Бурабай және Алматы қалаларында өтеді.

Оқыту бағдарламасында жоба менеджменті, копирайтинг, бейнеконтентті түсіру және өңдеу, жеке брендті дамыту және оны әлеуметтік желілерде жылжытуға арналған төрт модульді курс бар. Сонымен қатар қатысушылар жеке тұлға ретінде дамуды жеделдету мен өз жобаларын жетілдіру үшін жоба тәлімгерлерімен өзара үнемі байланыс мүмкіндігіне ие болады.

Толығырақ 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту