18 наурыз 2022 4106

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметті әріптестер, студенттер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен, көктемгі жаңару мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңеліп, жаңа жылдың басталуы, жаңа өмірге қадам басу символы. Қазақ халқы қашан да Наурызды – Жаңа жыл деп санаған.  

Мәдениет – ешқашан ұмытылмайтын құндылық. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі – қазақ халқының тарихында ғасырлар бойы қалыптасып қалған ерекше дәстүр. Ол ұлттық болмысымызды сақтай отырып, халқымызға өмірлік күш-жігер береді және ұлттық сана-сезіміміздің қаншалықты терең әрі берік екенін көрсетеді.

Қызықты мереке қарсаңында Сіздерге аманшылық пен молшылық, бірлік пен ынтымақ тілеймін! Көктемнің жаңа шуағы бәрімізге жаңа шабыт, жаңа табыс, таусылмас күш-қуат әкелсін! Әр үйде бақыт пен қуаныш мол болсын!  

Ізгі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту