27 қараша 2019 3985

UNIQUM журналының күзгі номері жарыққа шықты

UNIQUM журналының күзгі номері жарыққа шықты

2019 жылы – Жастар жылының жаңа оқу маусымында шыққан UNIQUM журналының алғашқы саны әдеттегідей жаңа студенттер үшін челленджге толы шараларға және қызықты ғылыми-танымдық жаңалықтарға арналды. Университетте өткен студенттік бірлестіктер жәрмеңкесі, жаңа студенттерге арналған концерттік бағдарлама және Есік өзенінде ұйымдастырылған тимбилдинг сапары туралы  жаңалықтар жалынды жастардың бейнесін көрсетеді. Бұл санда университет қабырғасында «Қамқор менеджмент» сияқты игі жобалардың жүзеге асырылып жатқандығы жайында және оқу орнының білікті мамандарының халықаралық, қалааралық шараларға белсенді қатысқандары туралы шабыттандыратын әңгімелер берілген.

Сонымен қатар «Артемида ғарыштық бағдарламасы дегеніміз не?», «Ой трансформациясы: креативті болудың таңғаларлық он жолы» , «Time» журналының «Жыл адамы-2019» атағын 16 жасар Грета Тунберг иеленуі мүмкін» сияқты ақпараттық-танымдық мақалалар және қыркүйек айында өткен әлемдік инноваторлардың кездесуі: Илон Маск пен Джек Маның сұхбатының қазақ тіліндегі аудармасы шықты.

Университетімізге есімі берілген ғұлама ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың немере бауыры Әлішер Қоғабаев әйгілі атасы туралы сыр шертеді. Журналдың мәдениет пен өнер жаңалықтарына арналған соңғы бөлімінде қазіргі танымал жас режиссерлердің бірі Қанағат Мұстафиннің  «Қазақ киносындағы комедияның дәуірі аяқталатын күн де алыс емес» атты сұхбаты және әлем оқырмандарының сүйікті жазушыларына айналған Стивен Кинг пен Дэн Браунның қызықты ойлары мен пікірлері жарияланды.

Журналды жүктеу

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту