6 маусым 2018 8243

Университет басшылығы «Самғау-2018» фестиваліне барған кезде абай болуды ескертеді

Университет басшылығы «Самғау-2018» фестиваліне барған кезде абай болуды ескертеді

2018 жылы 8 маусым күні Сәтбаев Университетінің белсенді де үздік түлектеріне арналған ХVI «Самғау-2018» фестивалі өтеді. Фестиваль бағдарламасында: үздік түлектерге диплом тапсыру; белсенді түлектерді марапаттау; мақтау қағаздары мен дипломдарды табыс ету; концерт.

Қазіргі кезде қоғамда менингит ауруының ушығып тұруына байланысты Университет басшылығы фестивальға барған кезде сіздердің абай болуларыңызды өтінеді. Өйткені фестивальға көптеген оқытушылар мен студенттер қатысады, ал бұл іс-шара есік-терезесі жабық ғимаратта өтетіндіктен, менингит ауруын жұқтыру қаупі бірнеше есеге өседі. Егер де сіз аурудың қандай да бір белгісін – басыңыз ауырып, дене қызуы көтеріліп немесе денсаулығыңыз әлсіреп, сыр бергенін сезген болсаңыз, онда көпшілік жерге барудан бас тартқаныңыз жөн.

Университет басшылығы сіздерге әрқашан сәттілік, мықты денсаулықтың арқасында биік жеңістерге жете берулеріңізді тілейді! Салауатты өмір салты асыл армандарға жету жолында ең басты да сенімді серіктеріңіз болып қала берсін!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту