Ақпарат:

27 мамыр 2019 5794

Университет студенттері Shell Eco-marathon Asia 2019 атты халықаралық марафонға қатысты

Университет студенттері Shell Eco-marathon Asia 2019 атты халықаралық марафонға қатысты

Университет студенттері – SU Racing Team тобының қатысушылары Малайзия елінің астанасы Куала-Лумпур қаласында авто-мотожарысқа арналған халықаралық марафонға қатысып келді. Конкурстың нәтижесі бойынша біздің студенттер топтық рухқа деген адалдықтары үшін көрермендер көзайымының – «Perservance & Spirit of the Event Award» арнайы жүлдесін иемденді.

Shell Eco-marathon Asia – Азия-Тынық мұхиты және Таяу Шығыс елдерінің студенттік топтары бақ сынайтын жыл сайынғы бақталас жарыс. Бұл марафон студенттерге жанармайдың түр-түрімен танысуға үлкен мүмкіндік береді.

Марафон 1939 жылдан бері қарай         Детройт, Лондон, Сингапур, Рио-де-Жанейро қалаларында өткізіліп келеді. Ойынның шарты – жарысқа қатысатын автокөлік ең аз мөлшердегі жанармаймен ең ұзақ жолды жүріп өтуі тиіс. Марафонның жаңа рекорды – 3,836 км. Биылғы марафон үстіміздегі жылы 28 сәуірден бастап, 2 мамырға дейін Куала-Лумпур (Малайзия) қаласында өтті.

Жарысқа қатысатын автокөліктер әртүрлі жанармай түрін қолданып, көлікті қозғалтады.

– Бұл бензин, жизель, қысылған табиғи газ, этанол, GTL (газдан жасалған синтетикалық жағармай) және сутегі болуы мүмкін. Сондай-ақ электромобильдерге арналған бөлек арнайы тапсырма бар, – деді SU Racing Team тобының жетекшісі. – Экомарафон студенттерге әртүрлі жағармайлардың қасиеттерін білуге, оларды қандай жағдайда қолдануға болатыны жөнінде білетін болады, – деп түйіндеді ол.

Біздің топтың жетекшісі, 4-курс студенті Әлібек Ибраимның пайымдауынша, марафонға ұсынылған модель – өте энергоүнемді автокөлік. Оның ойынша, жуық арада электрдің және отынның минималды шығынын жұмсай отырып, көптеген ұзақ шақырымдарды бағындыра алатын аналогтарды ойлап шығаруға мүмкіндік болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту