3 қазан 2019 4682

Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!

Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!
Ректор Satbayev University  Искандер Бейсембетов

Құрметті әріптестер, оқытушылар, ұстаздық қызметтің майталмандары!

Ұлы Абай айтқандай, «Адам бойындағы жақсы қасиеттің барлығы – Ұстаздан».

Өз ісімен, сөзімен және көзқарасымен жас ұрпақты тәрбиелей отырып, Ұстаз тұтас бір елдің болашағын қалыптастырады. Сондықтан да біздің Университетте білім беру сапасын арттыруға қосқан Сіздердің әрқайсыңыздың үлесіңізді атап өтпеске болмайды. Өйткені біздің ортақ ісімізге барлық ұжымымыз жұмыла күш қосып, әрқайсысы белсенді түрде атсалысып келеді. Сіздердің осы адал еңбектеріңіз бен өз істеріңізге деген табанды беріктіліктеріңіз үшін мың алғыс! Шын жүректен шыққан осы мейірім ешқашан таусылмай, қызығы мен қиыншылығы мол мамандыққа деген сүйіспеншілік жылдан-жылға арта берсін!

Қымбатты әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, жанұяларыңызға аманшылық, зор денсаулық,
                                                                        алдағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс
                                                                        тілеймін! Ұстаздар күні құтты болсын!
 

Игі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің ректоры
И. Бейсембетов  

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту