Ақпарат:

6 наурыз 2024 2984

Үздік тәжірибелер алға шығады: Сәтбаев Университетінде ЖОО-ы HR қызметінің республикалық форумы басталды

Үздік тәжірибелер алға шығады: Сәтбаев Университетінде ЖОО-ы HR қызметінің республикалық форумы басталды

Сәтбаев Университетінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының республикалық HR форумы өз жұмысын бастады, бұл іс-шара персоналды басқарудың стратегиялық мәселелерін талқылауға арналды. Еліміздегі 35 жетекші университеттер мен бизнес-ұйымдардың өкілдері HR-менеджмент саласындағы озық тәжірибелерімен, құралдарымен бөлісіп, тәсілдермен алмасу үшін бір шаңыраққа жиналды.

Форумды Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев өз құттықтау сөзімен ашып, форумға қатысушыларға жылы лебіз білдірді және еліміздегі тұңғыш техникалық университет қабырғасында құрылған жылы шығармашылық әрі ынтымақтастық атмосфера Қазақстанның барлық университеттерінің ерекшелігіне айналуы мүмкін екенін атап өтті, өйткені университет өз жетістіктерімен бөлісуге ылғи да дайын.

Форум спикерлері заманауи университеттің стратегиясын өзгертудің барлық аспектілерін және университеттің іскерлік серіктесі ретінде HR-департаменттерінің жаңа рөлін айқындап берді. Сала сарапшылары еңбек нарығындағы өзгерістерге жан-жақты талдау жүргізіп, HR саласының алдында тұрған соңғы трендтер мен қиындықтарды қарастырды.

Университеттердің әсіресе қызметкерлермен жұмыс жүргізу саласы бойынша стратегияларын өзгертуге ерекше назар аударылды. Форумның бірінші спикері – менеджмент саласы бойынша PhD докторы, Мақсұт Нәрікбаев Университетінің оқытушысы және Стратегия департаментінің директоры Анара Құсайынова «Жоғары білім беру ұйымдарындағы стратегиялық менеджмент» атты маңызды тақырыпқа тоқталып, осы саланың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары туралы қатысушылармен бөлісті.

Форумға сондай-ақ Halyk Bank HR департаментінен Индира Аширова, ALMAU HR бөлімінің басқарушы директоры Жанна Таренова, Сәтбаев Университеті психологиялық қызметінің жетекшісі Айгерім Сүлейменова және басқа да сала жетекшілері қатысты.

Форумға қатысушылар осы сала бойынша өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырды, сонымен қатар бизнес-кейстерді талдап, тәжірибелерімен бөлісті. Форумның бірінші күнінің соңында модератор Ажар Бейісова өзекті мәселелерді көтеріп, маңызды баяндама жасағандары үшін спикерлер мен қатысушыларға алғыс білдірді және оларды Сәтбаев Университетімен танысу үшін экскурсияға шақырды.

Форумның екінші күні «Шымбұлақ» таулы курортында бейресми жағдайда өтті, қатысушылар үшін онда тимбилдинг ұйымдастырылды.

Үздік тәжірибелер алға шығады: Сәтбаев Университетінде ЖОО-ы HR қызметінің республикалық форумы басталды

Үздік тәжірибелер алға шығады: Сәтбаев Университетінде ЖОО-ы HR қызметінің республикалық форумы басталды

Үздік тәжірибелер алға шығады: Сәтбаев Университетінде ЖОО-ы HR қызметінің республикалық форумы басталды

Үздік тәжірибелер алға шығады: Сәтбаев Университетінде ЖОО-ы HR қызметінің республикалық форумы басталды

Үздік тәжірибелер алға шығады: Сәтбаев Университетінде ЖОО-ы HR қызметінің республикалық форумы басталды

Үздік тәжірибелер алға шығады: Сәтбаев Университетінде ЖОО-ы HR қызметінің республикалық форумы басталды

Үздік тәжірибелер алға шығады: Сәтбаев Университетінде ЖОО-ы HR қызметінің республикалық форумы басталды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту