21 мамыр 2024 1689

Xi'an Jiaotong University өкілдерінің Сәтбаев Университетіне ресми сапары!

Xi'an Jiaotong University өкілдерінің Сәтбаев Университетіне ресми сапары!

Біздің серіктес университет Xi'an Jiaotong University-нің өкілдері алдағы ынтымақтастық қарым-қатынас туралы талқылау үшін университетімізге келгенін қуана хабарлаймыз. Кездесуге Басқарма мүшесі – Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректор Ермекбаев Самғат Қуатұлы, Энергетика және машина жасау институтының профессор-оқытушылар құрамы және Халықаралық қатынастар кеңсесінің қызметкерлері қатысты.

Кездесуде талқыланған басты тақырыптар:

  • Энергетика және машина жасау институтымен бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламасы;
  • Бірлескен ғылыми жобалар;
  • Студенттер және профессор-оқытушылар құрамымен өзара алмасу бағдарламалары.

Серіктес университет сондай-ақ 15 магистрант пен докторанттарға ғылыми тағылымдамадан өту үшін 3000 юань шәкіртақысы бар грант ұсынып отыр.

Біз студенттеріміздің энергетика және машина жасау саласындағы мүмкіндіктерін кеңейту үстіндеміз. Келесі оқу жылынан бастап сіздерді жаңа және өте қызықты мүмкіндіктер күтіп тұр!

Біздің жаңалықтарды жіберіп алмай, өзгерістердің ортасында болыңыздар!

Xi'an Jiaotong University өкілдерінің Сәтбаев Университетіне ресми сапары

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту