Yessenov Data Lab жас ғалымдарға — data-сараптамашыларға арналған 20 грантқа конкурс жариялайды
                                    Yessenov Data Lab 2023 – бұл қазақстандық жас ғалымдардың алған білімдерін әрі қарай қолдану үшін, үлкен деректерді талдаудың базалық дағдыларына нақты практикалық жұмыстарда үйрету, сондай-ақ олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған 4 апталық онлайн-интенсив.
Мектепті өткізу мерзімі: 12 маусым - 8 шілде 2023. Қатысушылар саны: 20 адам.
Бағдарламаның шарттары:
Бағдарламаға қатысушылары: 18 жастан асқан ҚР азаматтары, жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлер, қазақстандық жоғары оқу орындарындардың техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарында білім алып жатқан бакалавриат және магистратура, докторантура студенттері.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- күшті аналитикалық қабілеттер;
 - Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысуға және/немесе IT технологияларды дамытуға қызығушылығы пен ниеті;
 - статистика және сызықтық алгебра негіздерін білу.
 
Өтінім берушіде келесі параметрлерге сәйкес келетін жеке жабдық (компьютер/ноутбук) болуы керек:
- CPU Intel Core i3 және AMD Ryzen 3 және одан жоғары
 - RAM (RAM) 4 Гб және одан жоғары.
 
Артықшылық болып табылады:
- ғылыми салада қызығушылықтың болуы;
 - өзінің ғылыми мақалалары, материалдары, кез келген зерттеулердің нәтижелері, және басқалары;
 - бағдарламалау қабілеті;
 - B1 және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін білу.
 
Оқыту тілі: орыс, техникалық ағылшын тілі элементтерін пайдаланылуы мүмкін.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2023 ж. 10 наурыздан 11 сәуірге дейін.
Қордың сайтында өтінімді толтыру және келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Жеке куәліктің көшірмесі;
 - Транскрипт (барлық семестрлер) немесе бакалавриатты бітіргені туралы дипломның бағалары бар көшірмесі (магистранттар мен мамандар үшін);
 - «Мен деректерді талдауды үйренгім келеді» тақырыбындағы эссе (7 сөйлемнен кем емес және 750 сөзден артық емес);
 - Түйіндеме;
 - Үміткердің ғылыми зерттеулер саласындағы жетістіктерін және/немесе белгілі бір ғылыми салада білдірілген мүдделерін көрсететін Портфолио және тиісті растауларды ұсыну: меншікті ғылыми мақалалар, материалдар, қандай да бір зерттеулердің нәтижелері және т.б.;
 - Ағылшын тілін меңгергенін растайтын Сертификат (бар болған жағдайда).
 
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы «11» сәуірде Астана қ. уақыты бойынша сағат 15:00-де аяқталады (GMT+6). Қабылдау мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.
                            
                    


