Ынтымақтастықтың алтын көпірі: Сәтбаев Университетінде Қазақстан-Грекия Іскерлік кеңесімен кездесу
Сәтбаев университетінде халықаралық жоғары білім беру аренасына шығу стратегиясы аясында Қазақстан-Грекия Іскерлік кеңесімен кездесу өтті. Кездесу бірлескен жобалар мен тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылауға арналды.
Қазақстан-Грекия Іскерлік кеңесімен эксклюзивті серіктестік арқасында Сәтбаев Университеті халықаралық ресурстарға қол жеткізуге және шетелдердің ірі университеттерімен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік алады. Мұндай ынтымақтастық байланыс инвесторларға, кәсіпкерлер мен үкіметтке жоғары білікті кадрларды даярлауға ықпал етеді.
— Маңызды жайт: Іскерлік кеңеске басқа елдердің ірі университеттері мен біздің университет кіреді, біз кадрларды бірге даярлаймыз, – деді DKG компаниясының басшысы, Қазақстан-Грекия Іскерлік кеңесінің президенті Константинос Петридис.
Кездесуге сонымен қатар «Prosperous Invest» ЖШС бас директоры / DKG Development бас серіктесі Чиникеев Талғат қатысты.
Статистикаға сәйкес, халықаралық жобалар мен серіктестіктерге қатысу студенттер мен оқытушылардың мүмкіндіктерін арттырады, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен инновацияларды дамытуға ықпал етеді. Осы ынтымақтастық байланыстың нәтижесінде Сәтбаев Университетінің студенттері мен оқытушылары халықаралық серіктестермен тәжірибе және білім алмасу мүмкіндігіне ие болады, бұл елдегі білім деңгейін көтеріп, инвестиция мен дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.