ываыфвфы
Сәтбаев Университетінің Автоматика және ақпараттық технологиялар институты «қосымша бағдарлама бойынша мамандықтар даярлауды бастағаны туралы хабарлайды! Бұл бағдарлама мына бағыттар бойынша қосымша білім алуға, сөйтіп еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді:
1. «Корпоративтік ақпараттық жүйелер» – бағдарлама КИС-тің әртүрлі түрлерін, оларды ұйымдастыруды, жоспарлауды, құруды және енгізуді зерттеуге арналған. Бағдарлама корпоративтік ақпарат, корпоративтік ақпаратқа қолжетімділік, корпоративтік ақпаратты өңдеу сияқты ұғымдарды тереңірек ашады және КИС-тің міндеттері мен функционалдық мүмкіндіктері туралы негізгі мәліметтерді қамтиды.
2. «Корпоративтік Web-қосымшаларды әзірлеу» – бағдарлама динамикалық сайттардың жұмысын қамтамасыз ететін Web-қосымшаларды әзірлеуге бағытталған бағдарламалау бөлімін зерттеуге арналған.
Бағдарлама 3 жыл ішінде 5 пәнді (25 ECTS) оқып үйренуді және оқу аяқталғаннан кейін қосымша мамандық (Minor) бойынша академиялық дәреже бере отырып, белгіленген үлгідегі дипломға қосымша алуды көздейді.
Бағдарлама қатысушыларына қойылатын талаптар: Сәтбаев Университетінде бакалавриат бағдарламасы бойынша оқитын 2–4-курс студенттері.
Оқу құны: кумулятивтік GPA 3,5 және одан жоғары студенттер үшін оқу тегін.
Жазылу мерзімі: 2022 жылғы 21–26 қаңтар.
Қосымша сұрақтар бойынша эдвайзерге немесе өз институты директорының орынбасарына хабарласу қажет.