Ақпарат:

3 желтоқсан 2025 198

«Заң мен тәртіп»: заңды сақтау жастардың болашағына қалай әсер ететіні туралы Сәтбаев университетінде талқыланды

«Заң мен тәртіп»: заңды сақтау жастардың болашағына қалай әсер ететіні туралы Сәтбаев университетінде талқыланды

Сәтбаев университетінде «Заң мен тәртіп» бастамасы аясында кәмелеттік жасқа толмаған студенттер мен жастардың құқықбұзушылық жауапкершілігіне арналған түсіндіру лекциясы өтті. Студенттер алдында Бостандық ауданы прокуратурасының өкілі Нұрай Чамеш сөз сөйлеп, жасөспірімдер мен жастарға қатысты қылмыстық және әкімшілік заңнама нормаларын кеңінен түсіндірді.

Қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны, бұзақылық, төбелес, буллинг, қорқыту, есірткі тарату, вандализм және жедел қызметтерге жалған қоңырау шалудың салдары қандай болатыны туралы студенттерге тереңірек түсіндірілді. Қоғамдық орындарда темекі шегуге және вейп пайдалануға тыйым салынатыны, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қолдауынсыз көшеде жүруіне қатысты шектеулер, электр самокаттарымен қозғалыс ережелері және сабақты себепсіз қалдырғаны үшін ата-аналар жауапкершілікке тартылатыны туралы мәселелерге баса назар аударылды.

Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын, ал аса маңызды емес болып саналатын кез келген әрекет болашақта жастардың беделіне, оқу мүмкіндіктеріне және мансабына айтарлықтай әсер етіп, нұқсан келтіруі мүмкін екенін лектор ерекше атап өтті. 

Сәтбаев университетіндегі мұндай кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға көмектесетіні туралы айтылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту