Зерттеушілерге арналған жаңа мүмкіндіктер: Satbayev University үшін халықаралық кітапханалық ресурстарға тестілік қолжетімділік ашылды
Satbayev University үшін халықаралық ғылыми және білім беру ресурстарына жаңа тестілік қолжетімділік ашылды. Енді сіздер кеңейтілген электрондық деректер базаларын, толықмәтінді журналдарды және онлайн-курстарды тегін пайдалана аласыздар. Оқытушыларды, зерттеушілерді, докторанттарды және студенттерді берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ресурстарды оқу және ғылыми қызметте белсенді қолдануға шақырамыз.
IMechE Journal Collection (SAGE Journals)
Institution of Mechanical Engineers ұйымымен бірлесіп SAGE баспасы шығаратын IMechE Journal Collection журналына тестілік қолжетімділік берілді.
Коллекция машина жасау саласының барлық бағыттарын қамтиды және 18 мамандандырылған журналды (соның ішінде IMechE Proceedings жинағының 16 сериясын) біріктіреді.
Қолжетімділік мерзімі: 2026 жылғы 18 сәуірге дейін
Платформа: https://journals.sagepub.com/
IEEE «English for Technical Professionals» курсы
Техникалық саладағы кәсіби ағылшын тілін дамытуға арналған English for Technical Professionals онлайн-курсына тестілік қолжетімділік ашылды.
Қолжетімділік мерзімі: 2026 жылғы 16 ақпан - 3 наурыз
Курс сілтемесі: https://ieeexplore.ieee.org/courses/details/EDP584
Курсты іздеу бойынша нұсқаулық қоса тіркеледі.



