5 сәуір 2023 2354

Жаңа идеяларды күтеміз: «Дизайн-Перспектива 2023» байқауына жұмыстар қабылдау басталды

Жаңа идеяларды күтеміз: «Дизайн-Перспектива 2023» байқауына жұмыстар қабылдау басталды

Құрметті студенттер және практикалық дизайнерлер!

Сіздерді «Дизайн-Перспектива 2023» дизайнерлер форумы аясында өтетін VI Халықаралық жас дизайнерлер байқауына қатысуға шақырамыз. Жеңімпаздар 2023 жылдың қараша айында өтетін «Дизайн-Перспектива 2023» көрмесінде жарияланады (Мәскеу, Ресей).

Байқау жұмыстарын қабылдау: 01 сәуір – 31 қазан 2023 жыл.

Байқауға қатысу үшін, сайтындағы өтінім үлгісін толтырып , жұмыстарды сол сайтта көрсетілген талаптарға сай етіп жіберу керек.

Байқауға бұрын басқа байқауларға қатыспаған жұмыстар қабылданады. Байқаудың әр номинациясына немесе бір номинациясына бір-бірден ғана жұмыс ұсынуға болады:

  • Тұрғылықты мекенжай интерьері
  • Қоғамдық мекенжай интерьер
  • Жиһаз
  • Жарықтандыру
  • Интерьер заттары
  • Арт-объект
  • Интерьер өнері
  • Ландшафт дизайны және қалалық орта
  • Гүл композициялары
  • Интерьердегі текстиль
  • Текстильді дизайн

Байқау аясында дизайнер, декоратор және сәулетші мамандықтарын танымал етуге арналған «Дизайн-Перспектива 2023» онлайн-кампусын жасау жоспарланып отыр, сондай-ақ ол қолайлы тұрғындық және қоғамдық ортаны құру, жиһаз, жарықтандыру жабдықтары, тоқыма және интерьер заттары туралы білімді кеңейтуге де көмектеседі.

Байқауға қатысуға мамандандырылған университеттер мен факультеттердің, Дизайн мектептерінің, колледждер мен курстардың студенттері, сонымен қатар университетті 2018–2023 жылдары бітірген тәжірибелі сәулетшілер, дизайнерлер мен декораторлар шақырылады.

Байқауды ұйымдастырушылар: «Архдиалог» байланыс агенттігі және BQ Consulting салалық маркетинг агенттігінің (Ресей) дизайнерлерге арналған «Ашық дизайн шеберханасы» білім беру жобасы. Қазылар алқасының құрамында Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Қытай елдерінің танымал дизайнерлері мен сәулетшілері, жетекші оқу орындары мен кәсіби қауымдастықтардың өкілдері бар.

Байқау туралы толық ақпарат және вебинар бағдарламасы мына сайтта көрсетілген

Сонымен, өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмай, бар талантыңызды сынап көріңіз! Біз сіздің өтінімдеріңіз бен жұмыстарыңызды күтеміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту