Ақпарат:

28 мамыр 2025 237

Жаңа мүмкіндіктер: Сәтбаев университетінің сарапшылары Оңтүстік Кореяның үздік университетінің өкілдерімен кездесті

Жаңа мүмкіндіктер: Сәтбаев университетінің сарапшылары Оңтүстік Кореяның үздік университетінің өкілдерімен кездесті

Сәтбаев университетінің сарапшылары Оңтүстік Кореяның жетекші университеттерінің бірі – INHA университетінің делегациясымен кездесті. Екі жақ тараптар қос дипломды білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалар саласы бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктер туралы талқылады. Корея тарапының ұсынысы «Ақылды қала» (Smart City) және «Киберқауіпсіздік», академиялық ұтқырлық, ғылыми ынтымақтастық салалары бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын құруды қамтыды.

INHA университетінің профессорлары бірлесіп жарияланымдар жасау қызметін құруды ұсынды, ал олар Scopus Q1 құрамына кіретін беделді ғылыми журналдың редакторлары болып табылады. Бұл қазақстандық ғалымдар үшін халықаралық ғылыми интеграция саласында үлкен перспективалар ашады.

INHA университеті – Кореядағы ең танымал университеттердің бірі, қазір сол елдің техникалық прогресі пен ғылыми жетістіктерінің символына айналып отыр. Әсіресе оның нанотехнология, материалтану, киберқауіпсіздік және ақылды қалалар бойынша бағдарламалары өте танымал. Бүгінде ол Оңтүстік Кореяның үздік он университетінің қатарына тұрақты түрде кіреді және осы аймақта бірінші орында тұр.

Мұндай беделді серіктеспен келісім жасау Сәтбаев университеті мен оның студенттері үшін озық білім беру және ғылыми тәжірибелерге қолжетімділікті күшейтеді, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық қарым-қатынас көкжиегін айтарлықтай кеңейтеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту