Ақпарат:

16 қаңтар 2018 6368

Жаңа жылда – Білім туралы жаңа заң

Жаңа жылда – Білім туралы жаңа заң

Жаңа жыл басталысымен, 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірнеше депутаттары, атап айтқанда, Нұрманбетова Жамила Нүсіпжановна, Баймаханова Галина Александровна және Смирнова Ирина Владимировна Сәтбаев университетіне келіп, қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу шарасына Ректоры аппараты басшысының орынбасары Ұлықпан Сыдықов басшылық жасады.

Кездесу барысында жаңа Білім туралы заң мен жер қойнауын пайдаланудың жаңа әдістері туралы мәселелер талқыланды. Келген қонақтар мәжілісте қазіргі таңда қаралып жатқан заң жобалары мен депутаттардың жұмыстары туралы және алдағы жылы қандай өзгерістер болуы мүмкін туралы айта отырып, елде қандай өзгерістер болса да, ғылыми интеллигенция ешқашан назардан тыс қалмай, қашан да алда болатынын және өзгерістерге жоғары баға беретінін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар депутаттарға Қазақстандағы жоғары оқу орындары автономиясы және Парламентте қаралып жатқан ол туралы заңның келешегі жөнінде толғандыратын сұрақтарын қойып, заң жобасына қатысты өздерінің ойларымен бөлісті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту