27 қазан 2017 8129

Жарты ғасырдан кейінгі қауышу

Жарты ғасырдан кейінгі қауышу

Үстіміздегі жылдың 21 қазанында Сәтбаев университетінде «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының меңгерушісі Қасым Көптілеуұлы Елемесовтың ұйымдастыруымен 1967 жылы ҚазПТИ-ді металлургия мамандығы бойынша бітірген түлектердің 50 жылдық кездесуі болып өтті.

Кездесуге кафедра ұжымы мен жоғары курс студенттері қатысты. Қасым Елемесов ҚазТКМИ-дің 1967 жылғы түлектерін 50 жылдық мерейтойларымен құттықтап, кеш пердесін ашты. Сонымен қатар осы кафедра профессоры Б.С.Бейсенов кездесуге келген түлектерге кафедраның даму тарихы жайлы қысқаша мағлұмат беріп, оларды мерейлі кездесулерімен құттықтады.

Осы кафедраның ардагер ұстазы, кезінде кафедра меңгерушісі, университет проректоры болған ардақты зейнеткер, профессор Ғабдулла Нысанбай бұрынғы және қазіргі оқыту ерекшеліктеріне тоқтала отырып, жарты ғасыр бұрын бітірген түлектерге өзінің ізгі-тілектерін білдірді.

Кездесуге келген түлектердің ішінде жоғары жетістіктерге жеткен азаматтар да жоқ емес. Атап айтар болсақ, отандық Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарып, генерал шеніне дейін көтерілген С.А. Арабов, Алматы ауыр машина жасау зауытында бас конструктор қызметін атқарған Е.А. Жеңісбаев, Алматы қаласы Әуезов аудандық тұрғын-үй шаруашылығы басқармасында бөлім бастығы болған Ж. Баймағамбетов, осы кафедрада талай жыл ұстаздық қызмет атқарған Ы. Қасенұлы және тағы басқалары. Олар өздерінің өмірдегі және еңбек жолындағы іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып, студенттерге ақыл-кеңестерін берді және студенттік кездердегі қызықты оқиғаларын еске алып әңгімеледі.

Кездесу соңында майталман түлектер өздері дәріс алған аудиториялар мен зертханаларды аралап, университеттің Тарихи мұражайын тамашалады.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту