«Жас Ғалым» жобасы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған жас ғалымдардың зерттеулерін қаржыландыру конкурсына құжаттарды қабылдау ашық
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған Конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.
Конкурстың мақсаты – жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, талантты жастарды ғылымға тарту және бекіту, жас ғалымдардың үлесін арттыру.
Конкурсқа философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор дәрежесі немесе 2013 жылдан кейін алған ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) бар постдокторанттар, немесе докторантура бағдарламасының толық курсын бітірген тұлға болу. Докторантура бағдарламасының толық курсын бітірген тұлға жобаны іске асыруға шарт жасалған күннен бастап 12 ай ішінде өзін қорғауға міндетті.
Сондай-ақ соңғы 12 ай ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық жобаларда ғылыми жетекші немесе зерттеу тобының мүшесі болмаған постдокторанттар қатыса алады.
Cондай-ақ, назар аударыңыздар, бұл конкурс -жеке зерттеу үшін қарастырылады. Зерттеу тобының басқа мүшелері және/немесе көмекші персонал осы жобаның шеңберінде қарастырылмаған
Іске асыру мерзімі 28 айға 1 (бір) жобаны қаржыландыру 19 млн.теңгеден аспайды, оның ішінде 2022 жылға – 3 млн. теңгеден аспайды; 2023 жылға – 8 млн. теңгеден аспайды; 2024 жылға – 8 млн. теңгеден аспайды.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2022 жылғы 25 наурыз. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2022 жылғы 20 сәуір (қоса алғанда).
Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде сұрақтар бойынша Ғылым департаменті қызметкерлеріне хабарласуға болады: 616 каб., Мұнай корпусы, ішкі тел.: 7258, 7042.