«Жас Отан» жастар қанатында – жаңа басшы
2018 жылдың 20 ақпанында Satbayev University «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс жиналысы болды.
Еліміздің даму жолында Елбасының бағыт-бағдарын ұстана отырып, саясатын қолдау үшін ат салысып, еңбек етіп келе жатқан біршама жастарымыз осы жиынға қатысты. Атап айтар болсақ, «Жас Отан» ұйымы идеологиясының негізінде жастарды партия қатарына тартып, қабілетті және абыройлы саяси жастар ұйымын құру, Елбасының саясатын қолдап, жастарды біріктіру жатыр.
Жиналған қауымның дауыс беруінің шешімімен, жиналған дауыстар саны бойынша бәсекелестерін артта қалдырып, озып шыққан «Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар» институтының 1-курс студенті Мүсілімов Дінмұхаммед Бақытұлы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің жаңа төрағасы қызметіне тағайындалды. Мектептегі оқуын «Алтын белгіге» тәмамдап, жоғары баллмен университетімізге оқуға түсіп, университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, оқытушылармен қатар әкімшіліктің де көзіне оң жағынан түсе білген, сабағында озат, сөзіне тиянақты, тілі шешен Дінмұхаммед өзінің кіріспе сөзінде елінің патриоты екендігін, жастар игілігі үшін жұмыс жасау және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу – оның басты мақсаттарының бірі екендігін атап өтті.
Жиналысқа ректор аппараты бастығының орынбасары Ұлықпан Сыдықов пен «Қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті Қадыр Нұрғалым қатысты.