Ақпарат:

2 қараша 2018 6849

«Жеке қорғану құралдары» туралы семинар Сәтбаев университетінде өтті

«Жеке қорғану құралдары» туралы семинар Сәтбаев университетінде өтті

2018 жылдың 30–31 қазан аралығында ресейлік Safety&Graphics 3М компаниясының R&D департаментінің жетекшісі Софья Громова мен атаулы компанияның қазақстандық ЖҚҚ бөлімшесіндегі техникалық сарапшы Абзал Үсенов Сәтбаев университетінің техникалық мамандықтары мен Химиялық және биологиялық технологиялар институты (ХжБТИ) студенттері үшін ұйымдастырылған семинар жүргізді. Семинар «Жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ) – таңдаудан бастап өндірісте дұрыс пайдалануға дейін» атты тақырыпта өткізілді.  Алғашқы екі сессияда респираторлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі маңызды ақпараттар берілді, сондай-ақ ЖҚҚ таңдау бойынша «3М компаниясының 4 қауіпсіздік қадамы» сызбасына сәйкес жедел оқыту жүргізілді. Семинар барысы қауіптерді идентификациялау, тәуекелдерді бағалау, ЖҚҚ таңдау әдістерін талқылау интерактивті оқыту әдісіне негізделді.

3М компаниясының мамандары студенттердің ыстық ықыласы мен семинарға деген қызығушылығын атап өтті. Қазіргі таңда университет қабырғасында және онлайн режимінде аталмыш семинарларды тұрақты түрде өткізіп тұру мүмкіндігі талқыланып жатыр.

3М компаниясы – бірегей технологиялар негізінде әзірленген белгілі сауда маркалары мен тауарлары біріккен халықаралық өндірістік корпорация. Әлем бойынша миллиондаған адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін әртүрлі өнеркәсіптік және көлік, денсаулық сақтау, үй және кеңсеге арналған 100 мыңнан астам инновациялық өнімдер шығарумен айналысады. Компания бөлімшелері әлемнің 70 елінде ашылған, ал өнімдері 200 жуық елдерге тарайды. 3М компаниясы көп жылдан бері әлемдегі инновациялық компаниялардың үздік үштігіне кіреді және үздік өнеркәсіптік компаниялардың арасында да бой көрсетіп келеді. Жыл сайын жеке қаржы айналымының 6-7 %-на ғылыми және қолданбалы зерттеулерді қаржыландырады, әрі 40 мың патенттің иесі болып табылады, ал олардың ішінде 500-ге жуық патент жыл сайын тіркеледі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту