Ақпарат:

11 желтоқсан 2024 1868

Жобаларды басқару институты студенттерге қаржылық болашақ құруға көмектесуде

Жобаларды басқару институты студенттерге қаржылық болашақ құруға көмектесуде

Жобаларды басқару институты «АМАНАТ» партиясымен және «Қарызсыз қоғам» бастамасымен бірлесе отырып, 1-курс студенттеріне арнап қаржылық сауаттылық бойынша оқу семинарын ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру және студенттерге жеке қаржыны ұтымды басқаруды үйрету. Семинар барысында қатысушылар жеке бюджетті басқару принциптері, жинақтау әдістері, несиелеу және инвестициялау негіздері туралы практикалық білім алды. Қаржыны жауапты тұтыну, қаржылық тәуекелдердің алдын алу және мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері тақырыптарына ерекше назар аударылды. Бұл студенттерге несиелік тәуелділіктен құтылуға, жеке қаржылық тұрақтылықты арттыруға және болашақ әл-ауқатының негізін құруға көмектесетін дағдыларды дамытуда маңызды қадам болмақ.

Іс-шара елімізде ұлттық деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» ауқымды жобасының бір бөлігі болып табылады, ол азаматтардың, соның ішінде студенттердің, оқушылар мен ересектердің де қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Бұл бастама кедейшілікті жоюға, жастарға сапалы білім беруге, оларды экономикалық тұрғыдан өсіре отырып, лайықты еңбекпен қамтамасыз етуге, теңсіздікті азайтуға және жеке ресурстарды пайдалануға саналы көзқарас қалыптастыруға көмектесе отырып, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту