2 қазан 2023 1675

«Жоғары мектепте кәсіптік-бағдарланған оқыту технологиялары» тақырыбында Университеттің жас оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды

«Жоғары мектепте кәсіптік-бағдарланған оқыту технологиялары» тақырыбында Университеттің жас оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды

2023 оқу жылының 18-29 қыркүйек аралығында Тіркеуші Кеңсесінің Оқу-әдістемелік бөлімі мен Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім бірлесіп Satbayev University-дің жас оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады.

2023 жылдың 18-29 қыркүйегі аралығында Тіркеуші Кеңсесінің Оқу-әдістемелік бөлімі мен Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім бірлесіп Satbayev University жас оқытушыларының біліктілігін арттыру курсын ұйымдастырды. Курс нәтижесі бойынша 72 сағат көлемінде жаңа материал игеріліп, сертификаттар берілді.

Курсты өту барысында университеттің жас оқытушылары жоғары білікті оқытушылардың тәжірибесін ала отырып, ЖОО-да оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік аспектісін талдай алды, студенттермен жұмыста кәсіптік-бағдарланған оқыту технологияларын қолдану дағдыларын қалыптастырды, сондай-ақ инновациялық педагогикалық технологияларға қызығушылықты дамыта алды.

Курс соңында жас оқытушылар қоғамдық пәндер кафедрасының қызметкерлеріне кәсіби деңгейде өткен оқу үшін алғыстарын білдірді.

«Жоғары мектепте кәсіптік-бағдарланған оқыту технологиялары» тақырыбында Университеттің жас оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту