3 қараша 2022 2705

"ЖОО-ның ең үздік оқытушысы - 2022" конкурсына құжат қабылдау басталды

"ЖОО-ның ең үздік оқытушысы - 2022" конкурсына құжат қабылдау басталды

"ЖОО - ның үздік оқытушысы-2022" республикалық конкурсының I кезеңіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1 қарашадан басталып, 2022 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады.      

Байқау екі кезеңде өткізіледі – ЖОО ішіндегі және республикалық. "ЖОО-ның үздік оқытушысы" конкурсына қатысу үшін өтінім мен құжаттар ақпараттық жүйе арқылы электрондық форматта қабылданады. Бұл байқаудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі (кемінде 5 жыл) және оқытушылық және ғылыми қызметінде жоғары жетістіктері бар жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары қатыса алады.

Байқаудың  мақсаты оқытушы мамандығының беделін арттыру және ЖОО оқытушыларын одан әрі кәсіби дамуға ынталандыру болып табылады.         

Байқаудың екінші кезеңі 17 қарашада басталып, 2022 жылдың 3 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сұрақтарыңыз болса, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау бөліміне хабарласыңыз (ГУК 1-қабат).

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту