5 қыркүйек 2018 6963

Жыл сайынғы жүлделер мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар байқауына тапсырыс қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жыл сайынғы жүлделер мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың 2018 жылғы байқауын жариялады:

  1. Жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша үздік ғылыми зерттеу үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық – 350 айлық есептік көрсеткіш;
  2. Гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша үздік ғылыми зерттеу үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық – 350 айлық есептік көрсеткіш;
  3. Педагогика саласы бойынша үздік ғылыми зерттеу мен жұмыс үшін Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық – 350 айлық есептік көрсеткіш;
  4. Түркітану саласындағы көрнекті жетістіктері үшін Күл-Тегін атындағы сыйлық – 300 айлық есептік көрсеткіш;
  5. Жас ғалымдарға жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін Д.А. Қонаев атындағы сыйлық – 150 айлық есептік көрсеткіш;
  6. Жас ғалымдарға гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін  М.О. Әуезов атындағы сыйлық – 150 айлық есептік көрсеткіш;
  7. Мемлекеттік ғылыми гранттар, жалпы саны – 75, оның ішінде 50 – дарынды жас ғалымдарға беріледі – 24 айлық есептік көрсеткіш.

Жүлделер мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар байқауына қатысу үшін, барлық талаптар бойынша толтырылған құжаттарды 2018 жылдың 28 қыркүйегінен кешіктірмей ХҚКО-ға жіберу керек.

Барлық мәселелер бойынша университеттің Ғылым бөліміне хабарласыңыз (616-каб. НК).

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту