Биотехнология
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Биотехнология саласында биология, химия, инженерия және медицина ғылымдары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті мамандарды даярлау бағдарламасы. Бағдарлама 3 жылдық оқу мерзіміне арналған, түлектер PhD докторы дәрежесін алып шығады.
Бағдарлама пәнаралық ғылыми ортада жұмыс істеу үшін жүйелік ойлауды дамытуға және қажетті құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Докторанттар заманауи биотехнологиялық әдіс-тәсілдерді зерттейді, қолданбалы анализ түрлерін меңгеріп шығады, ғылыми жобаларға қатысады және халықаралық ғылыми коммуникацияға қажетті кәсіби ағылшын тілін үйреніп шығады.
Биотехнология саласы бойынша PhD докторы медицина, экология, ауыл шаруашылығы, химия және тамақ өнеркәсібі салаларында инновациялық шешімдерді әзірлеу мен енгізу құзыретіне ие болады. Ол микробиология, биохимия, генетика және жасушалық инженерия саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, ғылыми нәтижелерді нақты технологиялар мен өнімдерге айналдыра алады.
Әсіресе зерттеу дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударылады: студенттер зертханалық тәжірибелер жасайды, ғылыми деректерді талдайды және түсіндіреді, рецензияланатын журналдарда мақалалар жариялайды. Сонымен қатар барлық докторанттар міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Биотехнология мамандары ғылыми-зерттеу институттарында, университеттерде, халықаралық зертханаларда, стартаптар мен биотехнологиялық өнімдерді әзірлеумен айналысатын өндірістік компанияларда жоғары сұранысқа ие болады. Олар сондай-ақ денсаулық сақтау, экология және тұрақты даму салалары бойынша жұмыс істейтін ұйымдарда еңбек етеді.