Ақпарат:

Мұнай және газ геологиясы

Деңгейі
Бағасы
2 223 600 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D 121
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Геология, мұнай және газ кен орындарын барлау, мұнай кәсіпшілігі геологиясы саласында өндіріс және ғылыми-білім беру бағытындағы инновациялар негізінде маман-зерттеушілерді даярлау. Бітірушіге PhD докторы дәрежесі беріледі (философия докторы).

Диплом Еуропалық комиссияның, Еуропа кеңесінің және ЮНЕСКО/СЕПЕС стандарттары бойынша әзірленген қосымшамен қоса беріледі. Қосымша еуропалық ECTS жүйесі негізінде құрастырылған және шетелдік университеттер мен жұмыс берушілер үшін ұлттық жоғары білімді растауға мүмкіндік береді. Дипломға еуропалық қосымша ағылшын тілінде жеке сұраныс бойынша толтырылады және тегін беріледі.

Бағдарлама көмірсутегі кен орындарын игеруге байланысты іздеу-барлау жұмыстарына және мұнай кәсіпшілігі геологиясына байланысты мұнай геологиясы саласындағы терең білім мен құзыреттілікті береді.

Докторанттар заманауи ақпараттық технологиялар мен ақпараттық ресурстардың оқыту құралдары негізінде өндірістік-басқару, ұйымдастыру-технологиялық және ғылыми-педагогикалық салаларда құзыреттілікке ие болады, өзінің жаңа ғылыми идеяларын жинақтауды, ғылыми зерттеулер процесін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды үйренеді.

Студенттер мұнай және газ шоғырларының терең жатқан және қиын игерілетін қорларының геологиялық-кәсіптік ерекшеліктерін, Орталық Азия мен Қазақстанның көмірсутегі кен орындарының геологиясының дамуы мен қалыптасуын, мұнай және газды зерттеудің, болжау мен іздеудің заманауи әдістерін меңгереді.

Докторанттар ғылыми жетекшілердің басшылығымен ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді түрде қатысады. Докторантурада оқу жоспарлары шетелдік жетекші университеттерде міндетті түрде тағылымдамадан өтуді қамтиды. Диссертацияны дайындау және қорғау отандық және шетелдік екі ғылыми жетекшінің басшылығымен өтеді. Докторанттар CERCAMS Natural History Museum (Лондон Ұлыбритания), State Key Laboratory of Coal Resources and Safe Mining of China (Пекин, Қытай), Томск политехникалық университетінде (РФ) және басқа да әлемге әйгілі жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Докторанттар ғылыми-зерттеу орталықтарында, университеттерде, ұлттық және жеке геологиялық  мұнай-газ компанияларында оқытушылар, ғылыми қызметкерлер болып жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту