Ақпарат:

Кадастр және геокеңістіктік жоспарлау

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В075 Кадастр және жерге орналастыру Математика - География
Бағасы
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 600 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Кадастрлық тіркеу, жерге орналастыру, аумақтық жоспарлау және жер ресурстарын ұтымды басқару саласына қажетті білікті мамандарды даярлауға бағытталған бағдарлама.

Оқу бағдарламасы техникалық, құқықтық және цифрлық пәндерді қамти отырып, жан-жақты кешенді оқытуды қамтамасыз етеді. Сіздер кадастрлық өлшем жасау әдістерін, жерге берілген құқықтарды тіркеуді, аумақтарды тұрақты пайдалану принциптерін, сондай-ақ кадастр мен аумақтық жоспарлаудың құқықтық және нормативтік негіздерін біліп шығасыздар.

Сіздер геодезиялық аспаптармен, географиялық ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуді, жер жағдайын бақылау үшін спутниктік суреттер мен аэрофототүсірілімдерді пайдалануды үйренесіздер. Сондай-ақ цифрлық карта жасау, аумақтық жоспарларды модельдеу және жер деректеріне талдау жүргізу технологиясын меңгеріп шығасыздар. Бағдарлама геодезия, экология, экономика, құқық және инженерия бойынша алған білімді біріктіре отырып, аумақтық басқарудың кешенді тәсіліне баса назар аударады.

Білім алушылар пәнаралық өзара әрекеттесу дағдыларын меңгереді, топта жұмыс істеуді, жобалық шешімдермен таныстыруды және оларды негіздеуді үйренеді. Оқу процесінде мамандандырылған ұйымдарда кәсіби тәжірибе жинақтау, сондай-ақ Қытай, АҚШ және Ресей университеттерімен өзара академиялық алмасу жолдары қарастырылған.

Бағдарлама түлектері кадастрлық қызметпен, аумақтық жоспарлаумен, жерді пайдаланумен және урбанистикамен айналысатын мемлекеттік және жеке құрылымдарда қызмет істеу үшін жоғары сұранысқа ие болады. Олар кадастрлық инженер, географиялық ақпараттық жүйелердің мамандары, жер ресурстарын пайдалану жөніндегі сарапшылар және қала құрылысы мен жерге орналастыру саласында жоба менеджерлері болып жұмыс істей алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту