Логистика және жеткізу тізбектерін басқару
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Логистика, жеткізу тізбегін тұрақты дамыту және көлік-логистикалық жүйелердегі процестерді цифрландыру саласындағы ғылыми негізделген шешімдерді әзірлеуге және енгізуге қабілетті жаңа буынның жоғары білікті зерттеушілері мен менеджерлерін даярлауға бағытталған PhD докторантура бағдарламасы.
Бағдарлама материалды, ақпараттық және қаржылық ресурстар ағындарын стратегиялық басқару саласы бойынша құзыреттерді дамытуға, сондай-ақ өз бетінше жүргізетін ғылыми қызметті, жарияланым белсенділігін және халықаралық ынтымақтастық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бағдарлама үлкен деректер, жасанды интеллект және цифрлық егіздер сияқты сандық жеткізу тізбегін басқару құралдарын зерттеуді қарастырады, бұл өз кезегінде түлектерде цифрлық сауаттылық деңгейі жоғары болуын және олардың зерттеулері өзекті болуын қамтамасыз етеді.
Пәнаралық әдіс негізінде оқыту докторанттарда көлік-логистикалық жүйелерді дамытудың тұтас көрінісін қалыптастыра отырып, логистика, экономика, инженерлік және ақпараттық ғылымдарды біріктіреді. Тәжірибе жинақтау бағытына баса назар аударылады, атап айтқанда: өнеркәсіптік серіктестермен өзара әрекеттесу, цифрландыру жобаларына қатысу, инфрақұрылымдық шешімдерді дамыту және шетелде тағылымдамадан өту кадрларды даярлау ісін саланың нақты міндеттеріне барынша жақындатады.
Бағдарламаның түлектері ғылыми және білім беру салаларында да, логистика, консалтинг, IT-компанияларда, мемлекеттік органдарда және халықаралық ұйымдарда да жоғары сұранысқа ие болады, олар логистика мен жеткізу тізбегін басқару саласында орын алатын өзгерістердің бастамашылары мен көшбасшылары ретінде әрекет етеді.