Маркшейдерлік іс
Солға қарай айналдырыңыз
Білім беру бағдарламаларының тобы | ҰБТ пәндері |
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру | Математика - Физика |
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Маркшейдерлік, геодезиялық, топографиялық, астрономиялық-геодезиялық, фотограмметриялық және картографиялық жұмыстар саласына қажетті мамандарды қазіргі заманғы жабдықтар мен цифрлық геокеңістіктік технологияларды пайдалана отырып даярлауға арналған заманауи бағдарлама. Оқу процесі маркшейдерлік істің, геодезия мен картографияның теориялық негіздерін меңгеруді, нормативтік-құқықтық базаны, далалық және камералық өлшемдердің әдістерін меңгеруді, кеңістіктік мәліметтерді өңдеу және түсіндіру технологияларын зерделеуді, сонымен қатар техникалық құжаттама мен ғылыми есептерді дайындауды қамтиды.
Студенттер маркшейдерлік және геодезиялық өлшемдерді орындауды, нысандардың кеңістіктік және геометриялық параметрлерін анықтауды, геоақпараттық жүйелермен жұмыс істеуді, кеңістіктік құрылымдарды талдауды және модельдеуді, аумақты бақылау мен тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін арттыру үшін жерсеріктік және аэроғарыштық деректерді пайдалануды үйреніп шығады. Бағдарлама бойынша тәжірибеге бағытталған құзыреттіліктерге, басқару және аналитикалық дағдыларға, сондай-ақ пәнаралық өзара әрекеттесу мен командалық жұмыс қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Бағдарламаның негізгі ерекшеліктері:
- мамандандырылған ұйымдарда кәсіби тәжірибеден өту;
- Қытай, АҚШ және Ресей университеттерімен өзара академиялық алмасу үрдістеріне қатысу;
- Соңғы шыққан бағдарламалық және техникалық шешімдерді оқу процесінде пайдалану.
Түлектер маркшейдерлік және геодезиялық зерттеулермен, тау-кен жұмыстарына мониторинг жүргізу және оларға қолдау көрсетумен, аумақтық жоспарлаумен және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен айналысатын мемлекеттік және жекеменшік компанияларда жоғары сұранысқа ие болады. Олар маркшейдер, геодезист, геоақпараттық жүйелер мамандары, аумақтық-өндірістік даму саласында менеджер болып та жұмыс істейді.