Маркшейдерлік іс
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
М120 – Маркшейдерлік іс |
Геодезия |
Маркшейдерлік істің жалпы курсы |
Жер асты тау-кен құрылыстарын салу және пайдалы қазбаларға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде кеңістіктік-геометриялық өлшемдер жасау, сөйтіп өлшеу нәтижелерін кейіннен жұмыс жоспарында, карталарда және учаскелерде көрсетумен айналысатын салаларға қажетті мамандарды даярлайды.
Білім алушылар жер қойнауын игеруде ГИС-жүйесін пайдалануды үйренеді, заманауи электронды және лазерлік құрылғыларды меңгеріп шығады, цифрлық құралдарды, спутниктік аппаратураны, маркшейдерлік жұмыстар саласындағы өндірістік процестерді визуализациялау және оңтайландыру технологияларын және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді үйреніп шығады.
Сондай-ақ басқару жүйелерін ұйымдастыру және қолдану бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу, сондай-ақ геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарға заманауи ақпараттық технологияларды бейімдеу дағдыларын меңгереді. Жердің ішкі қабатын тгеруді және оны ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуді, тау-кен өндіруші кәсіпорындардың қызметін ұйымдастыруды, қоршаған ортаға техногендік әсерді бақылауды, сонымен қатар азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстардың құрылысын инженерлік қамтамасыз етудің толық кешенін орындауды үйреніп шығады.
Бағдарлама түлектері пайдалы қазбалар кен орындарын игеру, сондай-ақ жерасты құрылыстарын жүргізу саласында әртүрлі мемлекеттік және коммерциялық өндірістік компанияларда маркшейдер болып жұмыс істейді.
Бағдарлама Eco-Mining and Innovative Natural Resources Management (Erasmus+) халықаралық жобасы аясында қайтадан жетілдірілді. Бағдарламаға табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану және кен орындарын нақты бақылау мен бағалау үшін цифрлық технологияларды пайдалануды зерттеу жолдары енгізілді. Бағдарлама туралы