Түсті металдар металлургиясы

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В171 Металлургия Колледж түлектеріне арналған арнайы пәндер
Бағасы
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

* Білім беру бағдарламалары колледжден кейінгі қысқартылған оқуға түсуге арналған, ал оқуға түсу үшін арнайы пәндерді тапсыру керек.

Жалпы кәсіптік пәндер: Металл тану
Арнайы пәндер: Металл өндірісінің негіздері

 

Тау-кен металлургия өнеркәсібіне қажетті мамандарды түсті металдар және олардың қорытпалары, рудалық шикізат және түсті металлургия қалдықтары саласы бойынша даярлауға арналған кешенді бағдарлама.

Бағдарламаның айрықша ерекшелігі – түлектің өндіріс саласына бейімделуі. Студенттер минералды шикізатты концентраттардан металдарға және олардың қосылыстарына дейін өңдеу кезінде күрделі және тиімді шешімдер қабылдауды және оларды өндіріске енгізуді үйренеді.

Студенттер түсті металдардың физика-химиялық қасиеттерін, түсті металдар мен қорытпалардың физикалық-механикалық және құю сипаттамаларын, шикізатты дайындаудың әр түрлері мен әдістерін, түсті металдар өндірісіндегі негізгі физикалық-химиялық процестерді, сондай-ақ шикізатты өңдеу технологиялары мен әдістерін оқып үйренеді.

Студенттерді маман ретінде даярлау үрдісінің 40%-ы жалпы инженерлік пәндерден тұрады, сонымен қатар студенттер тереңдетілген арнайы дайындықтан өтеді. Олар технологиялық минералогияны, пайдалы қазбаларды байыту жолдарын, металлургиялық процестерді, металлургиялық жылу техникасын және инженерия саласын зерттейді.

Студенттер өндірістік тәжірибеден өткен кезде құрал-жабдық таңдауды, металды алу және оның сапасын бақылау процестерін жүргізуді, техникалық құжаттама толтыруды, өндіріс процесін есептеуді және оған талдау жасауды меңгеріп шығады.

Түсті металлургия – металлургия кешенінің негізгі салаларының бірі болып табылады, әсіресе радиоэлектроника, атом энергетикасы және ғарышты игерудің дамуымен оның өнеркәсіптік маңызы да арта түсуде, сондықтан еңбек нарығында осы бағдарлама түлектеріне деген сұраныс өте жоғары. Түлектер металлургия және машина жасау кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу институттары мен жобалау ұйымдарында металлург, инженер-технолог және конструктор болып жұмыс істейді.