Ақпарат:

Қолданбалы сейсмология

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы КТ элементтері
M091 Сейсмология Сейсмологияның физикалық негіздері - Жер сілкінудің параметрлерін сейсмикалық жазулар бойынша анықтау
Бағасы
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Сейсмологиялық қауіпті бағалау, жер сілкінісін болжау және инженерлік сейсмология саласында сейсмологиялық мониторинг жүргізетін және сейсмикалық мәліметтерді талдай отырып, кейіннен ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешумен айналысатын мамандарды даярлау бағдарламасы.

Түлектер 1 жыл және 1,5 жыл оқып, техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алып шығады.

Магистранттар қазіргі заманғы сейсмикалық зерттеу әдістерін тәжірибеде қолдануды, сейсмикалық сигналдарды өңдеу мен талдауды, өңделген мәліметтерді сейсмологиялық ақпаратты жинау және сақтау орталығына ұсыну арқылы үздіксіз сейсмологиялық бақылауды қамтамасыз етуді үйренеді.

Бағдарлама бойынша қолданбалы сейсмологияның негізгі бағыттары, соның ішінде сейсмограммалармен және автоматтандырылған мониторинг жүйелерімен жұмыс, сейсмикалық деректерді өңдеу мен талдау, сейсмика деңгейін сандық тұрғыда бағалау және жер сілкінісін болжау жұмыстары қамтылған. Геоақпараттық жүйелерге баса назар аударылады, әсіресе жер қыртысының деформацияларын зерттеу үшін InSAR және DTM сияқты спутниктік және геофизикалық технологияларды қолдануға ерекше көңіл бөлінеді.

Магистратура студенттері сейсмологиялық мәліметтерді өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеріп шығады, сонымен қатар сейсмикалық қауіптер мен тәуекелдерді бағалау үшін сейсмикалық аймақтарға бөлу әдістерін үйренеді.

Түлектер техника және технология магистрі дәрежесін алып шығады және Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығында, Геофизикалық зерттеулер институтында, әкімдіктерде, Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттер мен комитеттерде, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істей алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту