Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
М125 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру |
Құрылыс материалдары |
Бетон технологиясы 1 |
Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндірудің жаңа технологиялары саласында мамандар даярлау. Түлектер 1,5 жыл оқығанда техника және технологиялар магистрі немесе 2 жыл оқығанда техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алып шығады.
Магистранттар құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру; жүйелерді модельдеу; заманауи технологиялық жабдықтар саласындағы жаңа жетістіктерді игереді.
Сіздер әртүрлі тұтқыр материалдардан, минералды және химиялық қоспалардан жасалған құрылыс материалдарын өндіру және пайдалану жолдарын білетін боласыз; құрылыс материалдары мен бұйымдарының сапасын сертификаттау және бақылау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды үйреніп шығасыз.
Сондай-ақ сіздер жаңа құрылыс материалдарын өндіру кезеңдері мен технологияларының қыр-сырларын, олардың химиялық құрамы мен қасиеттерін түсініп шығасыз; өндірістің технологиялық параметрлерін оңтайландыру және шығарылатын өнімнің сапасын арттыру бойынша эксперименттік-зерттеу және есептеу-эксперименттік жұмыстарды жүргізуді; жаңа технологиялар мен өнім түрлерін енгізуді үйренесіз.
Сіз ресурстарды, энергияны үнемдеу және қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі мәселелерін бір уақытта шеше отырып, берілген қасиеттері бар жаңа, заманауи, тиімді құрылыс материалдары мен әртүрлі мақсаттағы бұйымдарды жасау бойынша бірқатар кешенді міндеттерді білікті түрде шеше аласыз.
Магистранттар әлемнің жетекші университеттерінде кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық практикадан өтеді және академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелде семестр бойы білім алатын болады.
Оқу аяқталғаннан кейін магистранттар құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіретін кәсіпорындарда, жобалау бюроларында, оқу орындарында оқытушылар, құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру, бақылау және сертификаттау жөніндегі кәсіпорындарда технолог және басшылық қызметтерді атқара алады.