Құрылыс инженериясы

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
iqaa
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Құрылыс инженерлері, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, монтаждау, реконструкциялау және пайдалану, сондай-ақ құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру саласындағы мамандарды даярлау. Түлектер «Техника және технологиялар бакалавры» ғылыми дәрежесін алып шығады.

Құрылыс инженериясы – инвестициялық және құрылыс жобаларын іске асырудың барлық кезеңдерін қамтитын құрылыс индустриясындағы инжиниринг, атап айтқанда: материалдарды жобалау, таңдау және оларды өндіру, объектілер құрылысы және оларды пайдалану.

Оқыту төменде көрсетілген мамандықтар бойынша жүргізіледі:

  • Ғимараттар мен  құрылыстардың жобасын жасау және есептеу
  • Азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс технологиясы
  • Құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкциялар өндірісі
  • Металл конструкцияларды жобалау және монтаждау
  • Гидротехникалық құрылыс
  • Құрылыс және құрылыс материалдарының технологиясы

Студенттер темірбетон және металл ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстары технологиясы, құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру технологиясы бойынша білім алады. Кәсіби қызмет саласы – құрылысқа техникалық қолдау көрсету және құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардағы жұмыс.

Бағдарлама бойынша бір оқу және бірнеше өндірістік практика қарастырылған, бұл студенттерге 1-курстан бастап-ақ болашақта табысты еңбек етуге қажетті қолданбалы дағдыларды меңгеріп шығуға мүмкіндік береді. Пәндер студенттер оқудың бірінші күнінен бастап өздерін шығармашылық жағынан терең ойлай білуге, сыни және креативті сезінуге бастайтындай етіп жасалған.

Түлектер құрылыс ұйымдарында, құрылыс индустриясының объектілерін жобалау, өндіру және пайдалану бойынша жетекші ұйымдарда инженерлер болып қызмет істейді,  бүгінгі таңда құрылыс қарқынының артуына байланысты олар жоғары сұранысқа ие болып отыр.