Сирек және радиоактивті элементтер технологиясы
Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Қазақстан Республикасының қайта өңдеу, табиғи және техногендік шикізаты базасында сирек металдар мен олардың қосындыларын алудың заманауи технологияларын, сондай-ақ табиғи уранның химиялық концентраттарын өндіріске енгізу саласы бойынша мамандарды даярлайды.

Бұл саланың мамандары жер бетінде сирек және өте сирек кездесетін радиоактивті элементтерді, олардың қосылыстары мен осы металдар құрамында болатын қорытпаларды өндіру технологияларын әзірлейді. Мұндай радиоактивті элементтер мен металдар атом энергетикасы, оптика, радиоэлектроника мен микроэлектроника, химия өнеркәсібі, металлургия және медицина сияқты жоғары технологиялық салаларда қолданылады. Бұл өнімнің өндіріс көлемі бойынша елдің инновациялық даму әлеуеті анықталады. Сондықтан отандық өнеркәсіптің бұл саласы мемлекеттің ғылым мен техника саласындағы басым бағыттарының бірі болып саналады.

Студенттер сирек металдар технологияларын және ядролық технологияны, шикізаттың әртүрлерін өңдеуді, сирек және радиоактивті элементтердің кен концентраттарын байытудың химиялық әдістерін, атом өнеркәсібінің аз қалдықты, ресурсты үнемдейтін технологиялық схемаларын, конверсия нәтижесінде сыртқа шығатын ресурстарды (фтор, уран қалдықтары және т.б.) кәдеге жаратуды үйренеді.

Студенттер байыту процестерінің физика-химиялық негіздерін, техногендік және қайтадан өңделетін шикізатты өңдеу әдістерін, қалдықтарды пайдалы өнімге айналдыру технологияларын, сирек кездесетін металдар құрамында болатын материалдарды синтездеудің физика-химиялық негіздерін және олардан өнім алу жолдарын меңгеріп шығады.

Түлектер тау-кен өндіру, тау-кен байыту және химия-металлургия кешендерінің өнеркәсіптік орындарында, әртүрлі меншік нысанындағы уран кәсіпорындарында, зауыттарда, цехтарда және ғылыми-зерттеу институттары мен әртүрлі зертханаларда, инженерлік компанияларда, сондай-ақ техникалық бағыттағы жоғары оқу орындарында жұмыс істейді.