Көлік қызметтері

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В095 Көліктік қызметтер Математика - География
Бағасы
799 100 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 030 400 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Көлік қызметі, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру, логистика саласының жұмысы үшін көліктік-логистикалық жүйелерді модельдеу және дамыту саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Студенттер көліктердің қозғалысын модельдеу мен жобалауды, көлік жүйелерін, оның қорлары мен қоймаларын техникалық және коммерциялық пайдалануды басқаруды, оларды жабдықтауды үйренеді. Оқу пәндеріне алгебра және математикалық анализ бастамалары, көлік инфрақұрылымы, жүк көлігі, интеллектуалды көлік жүйелері, көлік логистикасы кіреді.

Түлектер көлік техникасын жасау мен жөндеу жұмыстары туралы құжаттарды рәсімдеуді, көлік техникасы мен жабдықтарын жасау технологиясын оңтайландыруды, сондай-ақ көлік техникасын қолдану мен оларды жөндеу жұмыстарына қатысты қызмет түрлерін басқаруды үйреніп шығады.

Түлектер көлік ресурстарының қозғалысын жоспарлаумен, сонымен қатар олардың жұмысын бақылаумен, маршрутты анықтаумен, шығындарды азайтумен, жүктердің аралық қоймаларда және жолаушылар станциясында болу мерзімін қысқарту үшін көлік процестерін оңтайландырумен айналысады, сондай-ақ көлік компанияларымен келісімдер жасайды.

Біздің түлектер ірі-ірі көлік кешендерінде, машина жасау зауыттарында, көлік техникасын іске қосу жұмыстарымен шұғылданатын кәсіпорындарда, машина жасау және жөндеу жұмыстарын жасайтын компанияларда, жобалау-конструкторлық бюроларда, инженерлік-техникалық қызмет көрсету орындары мен өндіріс орындарында инженер-механик қызметін атқара алады.