Су ресурстары және суды пайдалану
Деңгейі
Оқу жолдары

  Солға қарай айналдырыңыз

ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру мамандықтарының классификаторы бойынша оқыту жолдары Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
5В080500 Су ресурстары және су пайдалану В082 Су ресурстары және су пайдалану Математика - Физика
Бағасы
830 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    4. «Оқу траекториясы» деген бағандағы код номерін қолдану қажет емес. Ол өткен жылғы мамандықтардың код номерлерін (2019 жылға дейін) білім беру бағдарламаларының жаңа код номерімен («Білім беру бағдарламаларының тобы» деген баған) салыстыру үшін және сізге ыңғайлы болу үшін келтірілген.

    Толығырақ

6В08601 «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы су ресурстарын басқару және суды пайдалану саласында, сондай-ақ су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын жобалау, монтаждау, реконструкциялау және суды пайдалану саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайды.

Студенттер шаруашылықты сумен қамтамасыз ету негіздерін, ауыл шаруашылығын суландыруды, суландыру жұмыстарын қоршаған ортаға зиянын тигізбей-ақ жүргізуді, ауыл шаруашылығы жерлері мен суды пайдалану жүйелерінің ғылыми жағын қарастырады. Бағдарлама жер суарудың инновациялық технологияларын енгізу мәселелері де қамтылған.

Түлектер мемлекеттік мекемелердің су ресурстарын қорғау және пайдалану және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында жұмыс істейді, сумен жабдықтау элементтері мен құрылымдарының есептеулерін орындайды.

Түлектерге әлеуетті жұмыс берушілер қатарында «BI Group», «Bazis-A», «ҚазГОР», «КазНИИСА», «НИИСТРОМПРОЕКТ», «PSI Group», «Тоспа Су» және ҚР-ның су шаруашылығы индустриясының басқа да ұйымдары бар.