Су ресурстары және суды пайдалану
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест пәндері |
|
M137 Су ресурстары және суды пайдалану |
Ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау және жайылымдарды суландыру |
Гидротехникалық құрылыстар |
Экономиканың құрылыс және машина жасау салалары үшін су ресурстары және суды пайдалану саласына қажетті мамандарды даярлау.
Студенттер экономикалық сумен қамтамасыз етудің және ауыл шаруашылық мелиорациясының алдыңғы қатарлы әдістерін, қоршаған ортаға зиян келтірместен мелиоративтік жұмыстар жүргізу мәселелерін зерттейді, ауыл шаруашылық жерлері мен суды пайдалану жүйелерінің ғылыми жағын қарастырады. Магистранттар су ресурстары және суды пайдалану саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Жоғары білікті оқытушы мамандар сабақ жүргізеді, шетелдерден шақырылған жетекші мамандар сабақ жүргізеді. Сабақтың ыңғайлы кестесі оқу мен жұмысты біріктіруге мүмкіндік береді.
Магистранттар әлемнің жетекші университеттерінде кәсіби, ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өтеді және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде бір семестр бойы оқи алады.
Түлектер су ресурстары және суды пайдалану саласында қоршаған орта кәсіпорындарымен және су ресурстарын басқарумен айналысатын жетекші ұйымдарда сұранысқа ие болады.