28 ақпан 2019 4942

«Қ.Сәтбаев және жаңа заман. Жастар. Ғылым. Болашақ» атты студенттік конференцияның жұмыстарын қабылдау басталды

  «Қ.Сәтбаев және жаңа заман. Жастар. Ғылым. Болашақ» атты студенттік конференцияның жұмыстарын қабылдау басталды

Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институтының Ағылшын тілі кафедрасы академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдығына және ҚазҰТЗУ-нің 85 жылдығына арналып, 2019 жылы 12 сәуірде өтетін «Қ.Сәтбаев және жаңа заман. Жастар. Ғылым. Болашақ» атты төртінші ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция жұмысы келесі секцияларда жүргізіледі:

  • Қазіргі таңдағы инновациялық технологиялар   
  • Мәдениетаралық қарым-қатынастағы ағылшын тілі  

Конференцияның ресми тілі: ағылшын

Конференцияға барлық мамандықтар бойынша 1–4-курс  студенттері шақырылады.  Конференцияға қатысушы әрбір студент ғылыми-практикалық конференция қатысушысы сертификатын алу мүмкіндігіне ие. Үздік зерттеу жұмыстары мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталады.

Баяндама тезистерінің электрондық нұсқасы 2019 жылы 4 сәуірге дейін «Сәтбаев университеті. Конференцияға» деген белгімен студенттің толық аты-жөні көрсетіліп, келесі электронды поштаға жіберілуі тиіс: eld_studconference@mail.ru

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22а, бас оқу ғимараты, 604 және 821-кеңселер.

Конференцияны ұйымдастыру комитеті мүшелерінің телефондары:

Саймкулова Шолпан Оразгельдиевна: +7 707 193 81 39; 
Бакирова Гульжайна Прмаганбеткызы: +7 474 064 54 39;
Калкаева Айжан Битимбаевна: +7 778 788 20 65;
Насырова Раушан Медхатовна: +7 707 636 88 93.

Толығырақ

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту