Сәтбаев Университеті Сиань білім беру бюросының өкілдерін қабылдады
Сәтбаев университеті 28 сәуір күні Сиань білім беру бюросының делегациясын қабылдады, делегацияға партия комитетінің хатшысы, бюроның директоры Ли Хунюй ханым басшылық етті. Жиынға сонымен қатар Сиань университеттерінің өкілдері мен Сиань халықаралық логистикалық паркінің қызметкерлері де қатысты.
Қытайлық делегаттар Қытайдың білім беру саласындағы бастамалары мен білім гранттары негізінде шетелдік студенттерге берілетін оқу мүмкіндіктері туралы айтты. Кездесудің негізгі тақырыбы – академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастық және Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтымен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуді талқылау болды.
Шэньси провинциясында орналасқан Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институты 1956 жылы құрылған, ол – теміржол көлігі мамандарын кең ауқымда даярлауға бағытталған жоғары кәсіптік колледж. Оған Сиань муниципалды халық үкіметі демеушілік етеді, бұл 147 мамандық бойынша білім беретін мемлекеттік оқу орны.
Институт Қытайдың орталық бөлігіндегі Шэньси провинциясында орналасқан. Бұл провинция Сиань сияқты Қытай өркениетінің бесігі саналады. Сианьның тарихы 2000 жылдан асады, ұлы Жібек жолы дәл осы жерден басталған. Қазір бұл – жаһандық сауда-логистикалық орталық, Қытай экономикасының маңызды орталықтарының бірі, мұнда 40 миллионнан астам адам тұрады.
Сиань жоғары сапалы техникалық білім беруді қамтамасыз етумен қатар, Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» атты экономикалық бастамасын қолдай отырып, тарихи Жібек жолы бойындағы елдердің экономикалық интеграциясына бағытталған ұзақ мерзімді экономикалық бағдарламаны өткізуге мүмкіндік береді. Осы бастама аясында Қытай Орталық Азия елдерінен келген студенттерге қытай бағдарламалары бойынша арнайы стипендиямен оқуға мүмкіндік береді. Бұл студенттер үшін ой-өрістерін кеңейтуге, қосымша техникалық мамандық алуға және әлемдік экономикадағы жетекші елдердің бірінің тілін үйренуге жақсы мүмкіндік болып отыр.
Кездесу университет ішін аралаумен аяқталды. Қытайлық қонақтар Сәтбаев Университетінің мамандарын ынтымақтастық қарым-қатынас туралы келісімге қол қою үшін және соның аясында нақты қадамдар әзірлеу үшін Сиань қаласына келуге шақырды.