Ақпарат:

2 желтоқсан 2022 4097

Жер сілкінісі кезіндегі ережелер: Әскери іс институты оқу-жаттығу шараларын жүргізді

 Жер сілкінісі кезіндегі ережелер: Әскери іс институты оқу-жаттығу шараларын жүргізді

2 желтоқсан күні Сәтбаев Университетінің Әскери іс институты жер сілкінісінің салдарын жою жаттығуларын өткізді. Оқу-жаттығу шараларын жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу аясында университеттің Азаматтық қорғаныс штабы, ПҚБО және Жедел іс-шаралар орталығымен бірлесіп өткізді.

Оқу-жаттығу шараларына институттың 400-ге жуық қызметкерлері мен студенттері қатысты. «Баршаңызға: назар аударыңыздар!» сигналы бойынша қатысушылар қауіпсіз жерге эвакуациялау жаттығуларын пысықтады.

 Правила поведения при землетрясении: Институт военного дела провел учения

Жер сілкінісі кезінде сақталуы тиіс қарапайым 10 қадам:

1. Біріншіден, тыныштық сақтаңыз.

2. Лифт немесе сатыны қолданбаңыз.

3. Үй ішіндегі жиһаздан, терезеден алшақ тұрыңыз, тек аспашамның астына тұрмаңыз.

4. Топтасып тығылатын қауіпсіз жер тауып алыңыз да, басыңызды қолмен қорғап тығылыңыз.

5. Жер сілкінісі біткеннен кейін далаға шығыңыз.

6. Далаға шығарда ток, газ және су крандарын өшіріңіз.

7. Төтенше жағдайға арналған чемоданыңызды алыңыз (су, қалта шам, дәрі-дәрмек салынған қобдиша, құжаттар және т.б.).

8. Далада электр желісінен, ғимараттардан, ағаштардан алыс тұрыңыз.

9. Келесі жер сілкінісіне дайын болыңыз.

10. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдар мен балаларға көмек көрсетіңіз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту