1 қыркүйек 2020 5521

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!
Rector Satbayev University Iskander Beysembetov

Құрметті әріптестер! Қымбатты докторанттар, магистранттар, студенттер!

Сіздерді бүгінгі 1 қыркүйек мерекесімен – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Барлық студенттерге, магистранттар мен докторанттарға оқуда табыс тілеймін және  таңдаған мамандыққа деген қызығушылықтың арта беруіне тілектеспін! Ал профессорлар мен оқытушыларға – кәсіби жетістіктер мен өмірде таңдаған қызметіне деген шынайы мақтаныш сезімін тілеймін: өйткені осы «жоғары мектептің» тиімді жұмысы бүкіл білім беру жүйесінің негізі және еліміздің өркендеуінің кепілі болып табылады! 

Сіздерге шығармашылық табыс, таусылмас күш-жігер тілеймін! Жаңа оқу жылы құтты болсын!  

Игі құрметпен, 
Сәтбаев университетінің Ректоры  
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту