Ақпарат:

18 шілде 2017 10791

1972 жылдағы ҚазПТИ бітіруші түлектерінің 45 жылдан кейінгі дәстүрлі кездесуі өтті

Traditional meeting of KazPTI graduates of 1972

Шілде айының ортасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 45 жылдан кейін 1972 жылғы инженерлік-құрылыс факльтетінің бітіруші түлектері студенттік кездерді еске түсіріп, жаңалықтарымен бөлісуге Алматыға келді.

Бұл бірегей курс әрбір 5 жылда өз оқу орнының қабырғасында кезекті бітіру мерейтойын мерекелеу үшін, ҚазҰТЗУ мұрағатына бару үшін, бір-бірімен қол алысу үшін, естелік сыйлықтар беру үшін, бірін-бірі құттықтап, бірге демалу үшін жиналады.

Кездесуге Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ ректорының кеңесшісі, ҚР ҰҒА академигі, профессор Ж.М.Адилов және Сәулет және құрылыс институтының директоры, ҚР құрметті сәулетшісі, профессор Б.У.Куспангалиев қатысты.

Сондай-ақ инженерлік-құрылыс факультетінің бітірушісі болған Жексенбек Макеевич және Болат Урайханович жиналғандармен университеттің, әсіресе, Сәулет және құрылыс институтының, бұрынғы инженерлік-құрылыс факультетінің жетістіктерімен бөлісті.

«Қазіргі уақытта университетіміз екінші рет дүниеге келуде» – деді профессор Ж.М.Адилов. – Осыған орай, университетіміз дәстүрді, соның ішінде бітіруші түлектердің дәстүрлі кездесуін өткізуді жалғастырып келеді. Университетті бітіргенімізге 45 жыл болды, жан-жаққа кеттік, бірақ кездесіп тұрамыз, әрқайсымыз өз қаласына барып, Политех қалай екендігін, мұнда қандай қызықтар болып жатқандығын айта алады».

Кездесуде тәрбиешілер кеңесін ұйымдастыру деген ой туды, ол сәулет институтына жаңа бастамалар мен заманауи жобаларда көмектеседі. Кездесу естелік монеталар мен Ілияс Есенберлин туралы кітаптар таратумен аяқталды, қыздарының бірі инженерлік-құрылыс факультетінің тәрбиеленушісі болған.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту