7 маусым 2021 5377

2 және 3 курс бакалавр студенттеріне Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Сулейман Демирел атындағы университетте (Түркия) оқуға мүмкіндік ашылды

2 және 3 курс бакалавр студенттеріне Erasmus+  академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Сулейман Демирел атындағы университетте (Түркия) оқуға мүмкіндік ашылды

Erasmus+ бағдарламасы 2 және 3 курс бакалавр студенттеріне үшін халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия мемлекетінде орналасқан Сулейман Демирел атындағы университетте (Suleyman Demirel University Turkey)  білім алу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды!

Академиялық жыл: 2021-2022  ж.ж.
Семестр: Күзгі.
Оқу мерзімі: 15 қыркүйек 2021 ж. - 30 қаңтар 2022 ж.
Мемлекет: Түркия, Испарта қаласы.
Стипендиялар саны: 1 грант Satbayev University.
Оқыту бағыты: Химиялық технология және процестер.
Оқыту тілі: ағылшын.
Стипендия мөлшері ай сайын 800 еуро және бір реттік сапарға 530 еуро құрайды.

Үміткерлердің құжаттарын қабылдау - 2021 жылдың 18 маусымына дейін.

Қажетті құжаттар:

  1. CV (e-mail адрес жазылған түйіндеме)
  2. Паспорт (шетелдік)
  3. Профессорлардан / оқытушылардан ұсыныс хат (2 дана)
  4. Мотивациялық хат
  5. Ресми транскрипт
  6. Ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификат – IELTS, TOEFL, Cambridge немесе Satbayev University ағылшын тілі кафедрасы берген Сертификат. Ағылшын тілін білу деңгейі орташа-B2 немесе одан жоғары болуы керек.

Қажетті құжаттардың толық пакеті international_office@satbayev электрондық поштасына "Suleyman Demirel University Turkey Application" атымен 18 маусым сағат 14:00-ге дейін кешіктірмей жіберілуі тиіс.

Халықаралық ынтымақтастық орталығы үміткерлерден міндетті ERASMUS формасын толтыру және кеңес алу үшін МГҒ 903 бөлмесіне 21 маусым 2021 ж. келуді сұрайды. Сізде барлық қажетті құжаттар мен ноутбук болуы керек.

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық орталығына мына телефон арқылы хабарласа аласыз: +7 7272 92 9019.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту