12 наурыз 2019 5358

2019–2020 оқу жылында Томск политехникалық университетінде алмасу бағдарламасы бойынша оқуға өтінімдерді қабылдау жүргізілуде

2019–2020 оқу жылында Томск политехникалық университетінде алмасу бағдарламасы бойынша оқуға өтінімдерді қабылдау жүргізілуде

Томск политехникалық университеті (Томск қ., РФ) бакалаврлар мен магистранттарға академиялық ұтқырлық бойынша 2019–2020 оқу жылында оқуға өтінімдер қабылдайды (мамандықтар тізімімен ТПУ сайтынан толығырақ таныса аласыздар http://portal.tpu.ru/ciap_eng/programmes/course).

Шарттары:

  • Оқу – тегін;
  • Жатақханада тұру – тегін.
  • Барлық басқа шығындар студент есебінен төленеді.

Қойылатын талаптар:

  • 1, 2-курс бакалавр студенттері /1-курс магистранттары;
  • GPA 3.0  және одан жоғары;

Қажетті құжаттар:

  • Транскрипт (түпнұсқа);
  • Мотивациялық хат;
  • Жеке куәлік (көшірме);
  • Төлқұжат (көшірме).

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінде құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 29 наурыз 2019 ж. Толық ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық бөлімінен ала аласыздар (Мұнай-газ корпусы, 903-каб.).

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту