2020 жылғы 1 қарашадан бастап COVID-19 індетіне қарсы алдын ала шаралар қолдану туралы Ректор хабарламасы
Құрметті қызметкерлер мен студенттер!
Күзгі-қысқы маусымның басталуына және коронавирус індетімен ауырғандар санының күрт өсуіне байланысты Сәтбаев Университеті 2020 жылғы 1 қарашадан бастап 31 желтоқсанға дейін басқа ұйымдарға іссапар мен тағылымдамаларға баруға мораторий жариялайды, сондай-ақ жасы 70-ке толған қызметкерлер жұмысты тек қана қашықтықтан үйде отырып жасау режимін енгізеді.
Сонымен қатар алдағы қараша айында қашықтықтан жұмыс жасайтын қызметкерлер санын бөлімшелердің қызмет түрлеріне байланысты 50%-ға дейін өсіру қарастырылып отырғанын хабарлайды.
Сіздерге және туған-туыстарыңызға зор денсаулық тілейміз! Сақ болыңыздар!
Игі құрметпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов