2020–2021 оқу жылына арналған гранттар тізімі жарияланды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2020−2021 оқу жылында жоғары білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітті.
Биылғы жылы оқуға түсушілерге 53 864 грант бөлінді. Техникалық мамандықтарға 28 956 грант бөлініп отыр, оның ішінде:
- 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 4088 грант;
- 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 3815 грант;
- 6B07 Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салаларына – 14681 грант.
ҰБТ тапсыру үшін өтініш қабылдау мерзімі ағымдағы жылы 15 мамырда аяқталды. ҰБТ тапсыру дәстүрлі форматта 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізілді. ҰБТ тапсыруға Қазақстан Республикасы бойынша барлығы 111 мың өтініш қабылданды. Оның көпшілік бөлігі онлайн режимде тіркелді. 10 маусымнан кейін талапкерлер тест тапсыру уақыты мен орнын http://ent2020.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетінен біле алады.
2020 жылы ҰБТ тапсыру форматы әзірге қағаз күйінде қалады. 2021 жылы электрондық түрде тапсыруға көшіріледі деп жоспарланып отыр. Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына қатысу үшін, тест тапсырып болып, оның нәтижесін алғаннан кейін құжаттарды бірден тапсыру керек. Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 2020 жылдың 13–20 шілде аралығында қабылданады. Оқуға тапсыру үшін кем дегенде 65 балл жинау керек.