3 қыркүйек 2020 5860

2021–2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсына құжат қабылдау басталды

2021–2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсына құжат қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 12 ай ішінде (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) жүзеге асыру мерзімімен 2021–2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға конкурс жариялайды:

  • Су ресурстарын, жануарлар және өсімдіктер әлемін тиімді пайдалану, экология;
  • Геология, минералды және көмірсутек шикізатын қайта өңдеу және байыту, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар және конструкциялар;
  • Энергетика және машина жасау;
  • Ақпараттық, коммуникациялық және космостық технологиялар;
  • Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым;
  • Білім беру және ғылым саласындағы зерттеулер;
  • Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
  • Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты түрде дамыту және ауыл шаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, Конкурс құжаттамасына сәйкес арнайы ғылыми бағыттар бойынша.

Өтінім қабылдаудың басталуы – 2020 жылғы 14 қыркүйек. Өтінім қабылдаудың соңғы күні – 2020 жылғы 28 қазан (қоса есептегенде).

Конкурсқа тапсырыстар ҚР БжҒМ-нің Ғылым комитетіне электрондық түрде, «МҒТСҰО» АҚ-ның ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. Өтінімдерде өтініш  берушінің және жоба жетекшісінің электрондық қолы болуы керек.  

Конкурстық құжаттама ҚР БжҒМ-нің сайтында және  Ғылым комитетінің сайтында орналасқан.

  • Конкурстық құжаттама және өтінім беру туралы сұрақтар бойынша:  Елшибеков Ренат, тел.: 8 (7172) 74-19-04, 74-20-29, 74-24-68.
  • Қаржылық мәселелер бойынша: Шаймагамбетов Еркин, тел.: 8 (7172) 74-16-53, 74-27-64.
  • Заң мәселелері  бойынша: Можанова Альбина, тел.: 8 (7172) 74-24-67.
  • Байланыс орталығы  – 1450. «МҒТСҰО» ақпараттық жүйесінің жұмысы бойынша Байланыс орталығы: 8-727-355-50-01 (ішкі: 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236).

Конкурс туралы толығырақ.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту