2022-2024 жылдарға арналған ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс жарияланды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған Конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.
Конкурстың мақсаты - ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Өтінімде жобаны іске асыру мерзімі – 30 ай (күнтізбелік жоспарда жұмыстарды орындауды бастау – 2022 жылғы шілде, аяқтау – 2024 жылғы желтоқсан) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Жобаны іске асыру үшін қажетті сұратылатын қаржыландыру сомасы – 2022 жылға 12 млн.теңгеден аспайды, 2023 жылға 33 млн. теңгеден аспайды, 2024 жылға 33 млн. теңгеден аспайды, оның ішінде жабдықтар сатып алуға.
Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласындағы жобаны іске асыру үшін қажетті сұратылатын қаржыландыру сомасы – 2022 жылға 10 млн.теңгеден аспайды, 2023 жылға 27,9 млн. теңгеден аспайды, 2024 жылға 27,9 млн. теңгеден аспайды.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2022 жылғы 9 наурыз. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2022 жылғы 8 сәуір (қоса алғанда).
Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде сұрақтар бойынша Ғылым департаменті қызметкерлеріне хабарласуға болады: 616 каб., Мұнай корпусы, ішкі тел.: 7258, 7042.