8 желтоқсан 2021 5245

2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған Конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурс  өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстың мақсаты - жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, талантты жастарды ғылымға тарту және бекіту, жас ғалымдардың үлесін арттыру.

Конкурсқа философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор дәрежесі немесе 2013 жылдан кейін алған ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) бар постдокторанттар, сондай-ақ соңғы 12 ай ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық жобаларда ғылыми жетекші немесе зерттеу тобының мүшесі болмаған постдокторанттар қатыса алады.

Cондай-ақ, назар аударыңыздар, бұл конкурс -жеке зерттеу үшін қарастырылады. Зерттеу тобының басқа мүшелері және/немесе көмекші персонал осы жобаның шеңберінде қарастырылмаған

Іске асыру мерзімі 32 айға 1 (бір) жобаны қаржыландыру 19 млн.теңгеден аспайды, оның ішінде 2022 жылға – 3 млн. теңгеден аспайды; 2023 жылға – 8 млн. теңгеден аспайды; 2024 жылға – 8 млн. теңгеден аспайды.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2021 жылғы 10 желтоқсан. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2022 жылғы 11 қаңтар (қоса алғанда).

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде сұрақтар бойынша  Ғылым департаменті қызметкерлеріне хабарласуға болады: 616 каб., Мұнай корпусы, ішкі тел.: 7258, 7042.

 

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту